Единый регистратор АО "НИТ" для государственных органов РК
ТіркеуWhois сервисі
RU EN KZ

e-mail
Пароль

Жаңа домендер:


Доменді тексеру
Компания туралы
Құжаттар
Төлем
Трансфер
Қызметтер

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ компаниясы туралы

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам)
«Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысымен сәйкес құрылды. Қоғамға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысымен ақпараттандыру саласындағы Ұлттық оператор мәртебесі берілді.
«KZ жоғарғы деңгейдегі доменді тіркеуші «ҰАТ» АҚ аккредитациялау туралы» Қазақстандық АТ- компаниялары Ассоциясының 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 8-04-09-А бұйрығына сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ KZ жоғарғы деңгейдегі доменді тіркеуші болып аккредиттелді.Сонымен қатар «ҰАТ» АҚ-на мемлекеттік органдар мен мекемелердің домендік атауларын ресми тіркеу және қолдау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жобаларын іске асыру үшін қажетті домендік атауларды тіркеуді және қолдауды жүзеге асыру құқығы берілді.

Қоғам Тіркеушісінің негізгі мақсаты
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мекемелерінің және жобалары үшін домендік атауларды тіркеу және қолдау.

Қоғам Тіркеушісінің міндеті
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мен мекемелерінің және жобаларының домендерін құрылымдау. Сондай-ақ «Мемлекеттік органдардың веб-сайттарын бағалау Әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2007 жылғы 31 мамырдағы № 239-п бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары веб-сайттарының тиімді жұмыс жұмыс істеуі.

Қоғам Тіркеушісінің алдына қойылған міндеттермен сәйкес, Қазақстан Республикасында ақпараттық технологияларды дамыту қажеттілігін ескере келе, құрылып жатқан ақпараттық жүйелердің және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің үйлесімділігін сәйкестендіру мақсатында мемлекеттік ақпараттық ресурстарды ықпалдастыруды үйлестіруші ұлттық оператор ретінде Қоғамның рөлін күшейту жоспарлануда. Бұл ретте Қоғам жеке компаниялармен ақпараттық қызметтерді беру рыногында бәскелеуді жоспарламайды, керсінше ұлттық ақпараттық инфрақұрылымыды қалыптастырған және пайдаланған кезде мемлекеттік органдардың атынан тапсырыс берушіні ұсынуда өз күшін топтастырады.